Қош келдіңіздер, талапкерлер!
Бұл жерде жаңартылған Нархоз Университетіне түсу үшін барлық
қажетті ақпаратты біле аласын.
Біздің ұстанымдарымыз
МЕН – КӨШБАСШЫМЫН
БІЗ – БІР КОМАНДАМЫЗ
БӘРІ ДЕ – СТУДЕНТ ҮШІН

Narxoz деген не?
НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІ

Қазіргі таңда Нархоз Қазақстан мен Орта Азия аймағындағы жетекші инновациялық университеттердің бірі болуға ұмтылып отыр.


Университет өзінің академиялық бағдарламалары мен оқыту әдістеріне, студенттік өмірі мен инфрақұрылымына жан-жақты ықпалын тигізетін теңдесі жоқ іргелі реформалар кезеңінде тұр.



Біздің мақсатымыз – экономикалық дағдарыс кезеңінде де оқыту мен инновациялар саласында көшбасшы орталығы атану.
7 000

Студентер
140 000

Түлектер
105

Университеттен шәкіртақы
NARXOZ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СЕРІКТЕСТІКТЕРІ
Алмасу бағдарламалары және көшпелі оқу модульдері
NARXOZ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СЕРІКТЕСТІКТЕРІ
ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ
Narxoz түлектері жұмысқа орналасу бойынша бүкіл ел бойынша жоғары пайыздық көрсеткіштерге ие.
Мұндай жоғары көрсеткіштер университтеттің ішкі жоғары стандартты білім беру жүйесінің арқасында ғана емес , сонымен қатар бұл ресми-серіктес компаниялардың да арқасында.
NARXOZ-ҒА ОҚУҒА ТҮСУ
Мамандықтар
ҰБТ-ны жақында ғана тапсырған талапкерлердің қолайлығы үшін біз бакалавриаттың бесінші пәніне қарай мамандықтарды бөліп тастадық.
Менің бесінші пәнім - География
Бакалавриат деңгейі
Экономика
Экономика қызметтің кең спектрін қамтиды. Экономистер әр түрлі салада зерттеулер жүргізеді, талдайды және болжам жасайды, кәсіпорынды басқарады, компанияларға кеңес беру жолымен оларда маңызды рөл атқарады, әрі сабақ беру мүмкіндігіне ие. Заманауи экономикалық теория мен практиканы, компьютерлік технологияларды терең білу, математика мен ағылшын тілін жетік игеру Нархоз түлектерінің, экономика бакалаврларының көптеген салаларда, атап айтқанда академиялық және мемлекеттік секторда, бизнес құрылымдарда қызықты да беделді жұмысқа орналасуына жағдай жасайды.

Жастарды «Экономика» мамандығы бойынша білім алуға жетелейтін артықшылықтардың бірі – бұл болашақта өз бизнесін ашуға және оны табысты жүргізуге мүмкіндік беретін практикалық машықтануға қол жеткізу. Студенттер біздің университеттің Халықаралық Бизнес Мектебінде оқып, бизнестің әр түрлі салалары бойынша сертификаттар алуға мүмкіндіктері бар. Бағдарламаға бизнеске арналған микро және макроэкономика, математика және статистика сферасы, бизнес әкімшілік, бизнестің құқықтық ортасы, кәсіпкерлік, қаржы-экономикалық талдау салалары бойынша құзыреттіліктер иелену енеді. Студенттердің кәсіпорындарды біріктіре басқарудың заманауи лицензиялық өнімдерін пайдалана отырып, тиімді жұмыс істеуіне және бизнесті басқаруына мүмкіндік беретін осы заманғы компьютерлік бағдарламаларды меңгергені маңызды.


Сұрақтарыңыз барма? Бізге қоңырау шалыңыз, дәл қазір
+7 (727) 377 13 07 / +7 (727) 377 13 08
+7 (727) 377 20 10 / +7 (727) 377 20 16

Бакалавриат деңгейі
Мемлекеттік және жергілікті басқару
«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының түлектері әр түрлі мемлекеттік органдарда (министрліктер, комитеттер, департаменттер мен агенттіктерде), сонымен қатар әкімдіктер мен мәслихаттарда жұмыс істейді.

Осы мамандықтың студенттері құқық негіздері, микро- және макроэкономика, мемлекеттік басқару теориясы, мемлекет және бизнес, аймақтық экономика мен басқару және т.б. пәндерді оқиды. Сол сияқты олар таңдау бойынша модульдердің кең спектріне қол жеткізе алады, бұл студенттерге оқытудың өзі қалайтын жұмыс орнымен сабақтас қолайлы траекториясын құруына мүмкіндік береді.

Сұрақтарыңыз барма? Бізге қоңырау шалыңыз, дәл қазір
+7 (727) 377 13 07 / +7 (727) 377 13 08
+7 (727) 377 20 10 / +7 (727) 377 20 16

Бакалавриат деңгейі
Менеджмент
«Менеджмент» мамандығы бойынша «Бизнес және экономика бакалавры» біліктілігіне ие мамандар әр түрлі бизнес салаларында жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне ие. Олар экономикалық-аналитикалық жұмыстар және ғылыми зерттеулермен айналысып, жобаларды, бөлімдер мен тұтастай компанияларды басқара алады. Бағдарлама түлектері экономиканың қаржы, банк, мемлекеттік басқару органдары, ірі корпорациялар, ұлттық компаниялар, инвестициялық пен инновациялық қорлар және т.б. секторларында айрықша сұранысқа ие.

Нархозда осы мамандық бойынша білім алып жатқан студенттер персоналды басқару, бизнес жоспарлау, өндірістік менеджмент, стратегиялық басқару, маркетинг, көшбасшылық, сыни ойлау және басқару этикасы сияқты салаларда терең теориялық және практикалық білім алады. Сонымен бірге бағдарлама түлектері қаржы, операциялық жоспарлау, ақпараттық технологиялар салалары бойынша да іргелі білімге ие. Күндізгі, кешкі және қашықтан оқыту жаңа білім беру технологиялары мен оқытудың «төңкерілген класс» және аралас оқыту іспетті интерактивтік әдістерін қолдану жолымен жүргізіледі.

Сұрақтарыңыз барма? Бізге қоңырау шалыңыз, дәл қазір
+7 (727) 377 13 07 / +7 (727) 377 13 08
+7 (727) 377 20 10 / +7 (727) 377 20 16


Бакалавриат деңгейі
Әлемдік экономика
Бағдарлама түлектері сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыратын халықаралық фирмалар мен ұйымдарда, отандық компанияларда, трансұлттық және жаһандық компанияларда, коммерциялық және ұлттық банктерде, шетелдік және отандық фирмалар өкілдіктерінде, мемлекетаралық мекемелер мен ұйымдарда, орта және жоғары білім беру институттары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарында жұмысқа орналасады.

Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны студенттерге аналитикалық ойлау, әлемдік экономика трендтерін салыстыра қарап, оларды өз компанияларында тиімді қолдана білу дағдыларын игеруге мүмкіндік береді. Мамандық бойынша әлемдік экономика, әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілік негіздері, халықаралық сауда, халықаралық маркетинг, халықаралық бизнес, халықаралық сауда келісімдері мен ұйымдары, халықаралық менеджмент, кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі, сыртқы экономикалық саясат, ұлттық және аймақтық қауіпсіздік, әлемдік қаржы нарықтары сияқты модульдер енетін негізгі пәндер оқытылады.

Сұрақтарыңыз барма? Бізге қоңырау шалыңыз, дәл қазір
+7 (727) 377 13 07 / +7 (727) 377 13 08
+7 (727) 377 20 10 / +7 (727) 377 20 16


Бакалавриат деңгейі
Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
Осы саланың мамандары Қазақстанның еңбек нарығында, оның ішінде ірі локалды және халықаралық компанияларда, республикалық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдарда, рекрутингтік агенттіктерде әрдайым сұранысқа ие. Түлектер еңбек бойынша экономист, еңбекті нормалау және еңбекті ұйымдастыру жөніндегі инженер, әлеуметтанушы, еңбекті ұйымдастыру және еңбекақы төлеу бөлімінің бастығы, персоналды басқару бөлімінің жетекшісі, еңбек немесе персонал жөніндегі бөлім бастығының орынбасары лауазымдарын иелене алады.

Бағдарлама шеңберінде еңбекті ұйымдастыру, персоналды басқару, еңбек экономикасы, еңбекті нормалау, өндірісті ұйымдастыру, менеджмент, ұйымдағы көшбасшылық, мансапты басқару және персоналды дамыту, персоналды ынталандыру және оны арттыру факторлары сияқты кәсіптік білім салалары орналасқан. Сонымен қатар студенттер қаржы, операциялық, ақпараттық жүйе және компьютерлік қосымшалар бойынша базалық білім алады.

Сұрақтарыңыз барма? Бізге қоңырау шалыңыз, дәл қазір
+7 (727) 377 13 07 / +7 (727) 377 13 08
+7 (727) 377 20 10 / +7 (727) 377 20 16

Бакалавриат деңгейі
Әлеуметтік жұмыс
Осы мамандықтың түлектері зерттеу орталықтары, халықаралық қорлар мен жобалар, дағдарыс орталықтары, үкіметтік емес ұйымдар, сақтандыру компаниялары мен халықты жұмыспен қамту орталықтарында қызмет атқарады. Осы сфера мамандары сол сияқты әлеуметтік саясат және халықты қорғау департаменттері мен халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына көмек көрсететін өзге де ұйымдарға сарапшы және кеңесші ретінде жұмысқа тартылуы әбден мүмкін.

Оқу барысында студенттер әлеуметтік жұмыс теориясын, әлеуметтік жұмыстағы ұйымдастыру, басқару және әкімшілік, әлеуметтік медицина, әлеуметтік жұмысты құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету, жалпы және әлеуметтік психология, әлеуметтік саясат және т.б. игереді.

Есть вопросы? Задайте их прямо сейчас!
+7 (727) 377 13 07 / +7 (727) 377 13 08
+7 (727) 377 20 10 / +7 (727) 377 20 16

Бакалавриат деңгейі
Есеп және аудит
Бағдарлама түлектері қазақстандық және халықаралық компаниялар, ұлттық және жеке меншік кәсіпорындар, ҚР-ның Ұлттық Банкі және т.б. бухгалтер, аудитор, қаржы аналитигі қызметіне орналасу мүмкіндігіне ие бола алады.

Оқыту негізін модульдік жүйе құрайды. Негізгі модульдер: тілдік және зерттеушілік модуль, әлеуметтік-құқықтық модуль, заманауи ақпараттық технологиялар модулі, базалық экономикалық модуль, басқару модулі, кәсіби модуль (АССА бағдарламасы бойынша және экономика салаларындағы есеп және аудит модулі), олардың шеңберінде оқу курстары шеберлік сыныптары, топтық жобалар мен компанияларды аралауға алмастырылады. Нақты мәліметтерге талдау мен аудит жүргізу, қаржылық, салықтық және басқарушылық есептілікті құра білу дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін практикалық сабақтарға басты назар аударылады.

Сұрақтарыңыз барма? Бізге қоңырау шалыңыз, дәл қазір
+7 (727) 377 13 07 / +7 (727) 377 13 08
+7 (727) 377 20 10 / +7 (727) 377 20 16

Бакалавриат деңгейі
Статистика
Жұмысқа орналасу мүмкіндігі өте кең. Статистика – бұл оны игеру арқылы банктер, сақтандыру мен инвестициялық компаниялар, мемлекеттік басқару органдары, бөлшек сауда және т.б. әр түрлі салаларда жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құрал.

Қазіргі таңда ортадан бастап ірі бизнеске дейінгі көптеген компанияларда маркетинг, қызметтер мен тауарларды өткізу, дамыту бөлімдері сияқты аналитикалық бөлімшелер құрылуда. Осы заманғы әлемде бизнесті жемісті дамыту үшін тек өз компаниясының даму көрсеткіштерін ғана емес, сонымен қоса жалпы нарық жағдайын білу және сыртқы факторларды ескеру қажет. Дәл осы қызметті статистика өз мойнына артады.

Нақты мәліметтер бойынша статистикалық талдау жүргізу, аналитикалық жұмыстар үшін статистикалық есептілікті құра білу дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін практикалық сабақтарға басты назар аударылады.

Сұрақтарыңыз барма? Бізге қоңырау шалыңыз, дәл қазір
+7 (727) 377 13 07 / +7 (727) 377 13 08
+7 (727) 377 20 10 / +7 (727) 377 20 16

Бакалавриат деңгейі
Бағалау
Бағалаушы – бұл кез келген мүліктің бағасын анықтау қабілетіне ие маман. Мамандардың мәліметтері бойынша «Бағалау» мамандығы әлем бойынша ең табысты және келешегі зор отыз мамандықтың ішіне кіреді. Сонымен бірге «Бағалау» мамандығының түлектері сараптау-бағалаушылық, аналитикалық, ұйымдық-техникалық, кеңесшілік, кәсіпкерлік, ғылыми зерттеу сияқты кәсіби қызметтерді атқара алады.

Сұрақтарыңыз барма? Бізге қоңырау шалыңыз, дәл қазір
+7 (727) 377 13 07 / +7 (727) 377 13 08
+7 (727) 377 20 10 / +7 (727) 377 20 16

Бакалавриат деңгейі
Маркетинг
Бағдарлама түлектері Қазақстан нарығында сұранысқа ие, әрі аталған мамандық бойынша кәсіп таңдау ауқымы да кең, яғни олар бренд-менеджер, маркетинг жөніндегі менеджер, болжамдау, жоспарлау және баға саясаты бойынша маман, пиар-менеджер, аналитик және т.б. бола алады. Кейбір түлектер өздерінің жеке бизнесін ашады, өйткені олар нарыққа не қажет екенін және өз өнімін қалай дұрыс сатуға болатынын біледі.

Осы мамандықтың студенттері маркетингтік зерттеулер, маркетингтік коммуникациялар, интерактивтік маркетинг пен электрондық коммерция, халықаралық маркетинг, жарнама мен алға жылжыту, стратегиялық маркетинг, маркетингті басқару және т.б.салалар бойынша білім мен дағдылар иеленеді.

Сұрақтарыңыз барма? Бізге қоңырау шалыңыз, дәл қазір
+7 (727) 377 13 07 / +7 (727) 377 13 08
+7 (727) 377 20 10 / +7 (727) 377 20 16

Бакалавриат деңгейі
Қаржы
«Қаржы» мамандығы бойынша диплом түлектерге жеке кәсіпорындар және ұйымдар, банктер, биржалар, қаржылық және сақтандыру компаниялары мен инвестициялық қорларға жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді. Осы саланың мамандары экономист, қаржы аналитигі, инвестиция бойынша кеңесші және қаржы директорлары ретінде жұмыс істейді, көпшілігі банк саласында өзін табады.

Осы бағдарламада студенттер қаржы үлгілері мен құралдары туралы хабардар болады. «Қаржы» мамандығы бойынша білім және дағдылар алу үшін студенттер әр түрлі деңгейдегі бюджеттің қалыптастырылу және орындалу үдерістерін, есеп пен есептілікті жоспарлау тәртібін, кәсіпорынның ақшалай ағынын ұйымдастыру мен басқаруды, шаруашылық жүргізуші субъектілердің инвестициялық қызметін, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру ерекшеліктерін игереді. Бұл үлгілер банк және сақтандыру ісінде нақты, әрі тәжірибе жүзінде қолданылады. Студенттер EхсеI және басқа да қаржылық бағдарламаларда қолданбалы қаржы құралдары дағдыларына ие болады.

Сұрақтарыңыз барма? Бізге қоңырау шалыңыз, дәл қазір
+7 (727) 377 13 07 / +7 (727) 377 13 08
+7 (727) 377 20 10 / +7 (727) 377 20 16

Бакалавриат деңгейі
Туризм
Сегодня в Казахстане активно развивается не только внешний, но и внутренний туризм, поэтому растет потребность в специалистах этой сферы, которые смогли бы создавать привлекательные туристские маршруты и продукты, предлагать качественные услуги, оказывая сервис мирового уровня. Образовательная программа «Туризм» включает как теоретическое обучение, так и практику после каждого курса. На третьем курсе студенты могут стажироваться за границей в известных туристических центрах!

Выпускники специальности «Туризм» находят работу в туристических фирмах, авиа-агентствах, туристско-гостиничных комплексах, санаторно-курортных учреждениях, эко-информационных и экскурсионных бюро. Специфика обучения в нашем ВУЗе поможет открыть собственное дело и оказывать услуги туризма. Студенты также имеют возможность работать в крупных отелях, благодаря бизнес-партнёрам Нархоза.

Сұрақтарыңыз барма? Бізге қоңырау шалыңыз, дәл қазір
+7 (727) 377 13 07 / +7 (727) 377 13 08
+7 (727) 377 20 10 / +7 (727) 377 20 16

Бакалавриат деңгейі
Әлеуметтік-мәдени сервис
Қызмет көрсету саласында кәсіби мамандар жоқтың қасы, сондықтан осы сала бойынша жұмыс табу Нархоз дипломын алған түлектерге қиындық тудырмайды. Туризм, HoReCa, ойын-сауық, шоу-бизнес, сауда салаларында, сән мен фитнес индустриясында, сонымен қатар мәдени және спорттық бағыттағы мемлекеттік кәсіпорындарда жұмысқа орналасу мүмкіндігі өте мол. Сондай-ақ, көптеген түлектер жеке істерін ашып, кәсіпкер ретінде өмірден өз орнын табады.
Бағдарламаның мазмұны
Бағдарлама студенттері қызметтерді әзірлеу, алға жылжыту және өткізу, клиенттермен жұмыс істеу, сервистік кәсіпорын жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру мен клиенттерді тарту және сақтап қалу үшін маркетингтік құралдарды қолдана білу іспетті кәсіби білім мен практикалық дағдыларды игереді

Сұрақтарыңыз барма? Бізге қоңырау шалыңыз, дәл қазір
+7 (727) 377 13 07 / +7 (727) 377 13 08
+7 (727) 377 20 10 / +7 (727) 377 20 16

Бакалавриат деңгейі
Мейрамханалық іс және қонақ үй бизнесі
Осы мамандық түлектері белсенді құрылыс жұмысы мен жоғары және орташа деңгейлі қонақ үйлер, хостелдер ашу ісі жүріп жатқан, жаңа кафе, мейрамханалар мен жедел қызмет көрсету кәсіпорындары көптеп ашылатын, сонымен қатар балалар және корпоративтік мейрамдар, кештер мен банкеттерге көшпелі мәнде әр түрлі қызметтер көрсететін Қазақстанның ірі қалаларында үлкен сұранысқа ие. Бүгінгі таңда бұл сала барлық жерде даму үстінде, демек, мамандар осы бизнестің қызықты және келешегі мол бағыттарын дамыта отырып, елдің кез келген аймағында өз орнын таба алады.

Студенттер мейрамхана және қонақ үй қызметтерін сату мен алға жылжыту, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары мен қонақ үй қызметінің жұмысын ұйымдастыру және қадағалау бойынша кәсіби білім мен практикалық дағдылар иеленеді.

Сұрақтарыңыз барма? Бізге қоңырау шалыңыз, дәл қазір
+7 (727) 377 13 07 / +7 (727) 377 13 08
+7 (727) 377 20 10 / +7 (727) 377 20 16

Менің бесінші пәнім – шетел тілі
Бакалавриат деңгейі
Халықаралық қатынастар
«Халықаралық қатынастар» мамандығының түлектері ҚР-ның Сыртқы істер министрлігі, мемлекеттік басқарудың әр түрлі органдары, Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қатынастар мәселесімен айналысатын ұйымдары, халықаралық ұйымдар мен трансұлттық корпорацияларда қызмет атқаруға дайын. Олар аналитик, сарапшы, референттер, халықаралық қатынастар саласындағы кеңесшілер, сыртқы саяси шолушылар, Қазақстан Республикасы ғылыми және білім беру ұйымдарының қызметкерлері және т.б. лауазымдарды иелене алады.

Студенттер дипломатияның, дипломатиялық стратегия мен тактиканың негізгі әдістері мен тәсілдерін, дипломатиялық қызмет мамандарына қойылатын талаптарды, Қазақстан мемлекеттік билік органдарының сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласындағы жұмыс істеу әдістері мен қағидаларын меңгереді. Сонымен қатар оқу бағдарламасына сыртқы саясат пен Қазақстанның қазіргі кезеңдегі ұлттық қауіпсіздік мәселелері кіреді.

Сұрақтарыңыз барма? Бізге қоңырау шалыңыз, дәл қазір
+7 (727) 377 13 07 / +7 (727) 377 13 08
+7 (727) 377 20 10 / +7 (727) 377 20 16

Менің бесінші пәнім – әлем тарихы
Бакалавриат деңгейі
Кеден ісі
Бағдарлама түлектері Қазақстан Республикасының және аймақтық ұйымдардың кеден органдары, көліктік-логистикалық компаниялар, ұлттық және халықаралық тасымалдау, салық қызметі, мемелекеттік қызмет, кеден ісі сферасындағы заң шығару қызметі мен құқықтық мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу орталықтарында жұмыс істей алады. Сонымен қатар олар оқытумен, ғылыми жұмыспен, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындары және басқа да ұйымдарда зерттеу жұмыстарымен ойдағыдай айналысады.

Бағдарлама аясында студенттер халықаралық жеке құқық, салық жүйесі және салықтық құқық, Кедендік Одақтың кедендік саясаты, халықаралық көліктік үдерістер мен тасымалдау ережелерін оқып үйренеді.

Сұрақтарыңыз барма? Бізге қоңырау шалыңыз, дәл қазір
+7 (727) 377 13 07 / +7 (727) 377 13 08
+7 (727) 377 20 10 / +7 (727) 377 20 16

Уровень: Бакалавриат
Юриспруденция
Выпускники программы могут работать в правоохранительных органах, таких как прокуратура, органы внутренних дел и органы национальной безопасности. Также специалисты данного направления успешно трудоустраиваются в органах судебной власти, адвокатуре, нотариате, налоговой службе, в частных юридических консультациях, таможенных органах, научно-исследовательских центрах по правовым вопросам. Квалифицированные юристы нужны практически в каждой крупной организации для согласования правовых вопросов и ведения хозяйственной деятельности согласно законам.

Программа включает изучение административного права Республики Казахстан, предпринимательского права, права интеллектуальной собственности, международного публичного права, финансового, уголовно-исполнительного и жилищного права РК, а также другие дисциплины, связанные с данной специальностью.

Есть вопросы? Задайте их прямо сейчас!
+7 (727) 377 13 07 / +7 (727) 377 13 08
+7 (727) 377 20 10 / +7 (727) 377 20 16

Менің бесінші пәнім – физика
Бакалавриат деңгейі
Ақпараттық жүйелер
Осы бейіннің мамандары IT секторы, коммерциялық құрылымдар, БАҚ пен логистикалық және көлік компанияларында сұранысқа ие. IT инновациялық жобалаушылары да әрдайым үлкен сұраныста болады. Осы бағыттың түлектері жүйелік басқарушылар, инженерлер, ішкі және сыртқы желілер бойынша мамандар болып жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеті – өз компаниясында ақпараттық технологиялардың максималды түрде тиімді қолданылуын қамтамасыз ету.

Негізгі оқу пәндері: ақпараттық жүйелер негіздері, компьютерлік жүйелердің архитектурасы, мәліметтер базасы (дерекқор), компьютерлік желілер және «бұлтты» технологиялар, ақпараттық жүйелерді жобалау, заманауи операциялық жүйелер, мәліметтерді өңдеудің мультимедиалық құралдары, мобильді қосымшалар әзірлеу, программалау технологиялары, мәліметтерді басқару.

Сұрақтарыңыз барма? Бізге қоңырау шалыңыз, дәл қазір
+7 (727) 377 13 07 / +7 (727) 377 13 08
+7 (727) 377 20 10 / +7 (727) 377 20 16

Бакалавриат деңгейі
Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету
Нархоздың осы мамандық бойынша түлектері ірі халықаралық және қазақстандық компаниялар, ҚР-ның барлық ұлттық компанияларының ақпараттық технология департаменттері, банк секторы, ҚР Қаржы министрлігі, салық комитетінің ақпараттандыру бөлімі және т.б. ұйымдарда өз мансаптарының негізін қалайды.

Студенттер негізгі және бейіндік пәндерді игереді. Сонымен бір мезгілде оқыту модульдік қағида бойынша құрылған, яғни студенттер өздеріне қызықты бейіндік пәндерді таңдайды. Түлектер нысаналы бағытталған программалау, программалау тілдері бойынша білімдерді меңгеріп, әр түрлі платформаларда мобильдік қосымшалар әзірлейді және ақпараттық жүйелер мен дерекқорды басқару жүйесін жобалауды игереді, сонымен қатар AutoCad ортада инженерлік және компьютерлік графика дағдыларын меңгере алады.

Сұрақтарыңыз барма? Бізге қоңырау шалыңыз, дәл қазір
+7 (727) 377 13 07 / +7 (727) 377 13 08
+7 (727) 377 20 10 / +7 (727) 377 20 16

Бакалавриат деңгейі
Стандарттау, сертификаттау және метрология
Cтандарттау және сертификаттау бойынша инженер дипломы өндірістік кәсіпорындар, стандарттар және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау органдары, нормалар, стандарттар, техрегламенттер әзірлеу және аккредиттеумен айналысатын мекемелер, сонымен қатар зертханалар, сауда-өнеркәсіптік палаталар, тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамдары, кеден, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары, ғылыми-зерттеу институттары және т.б. салаларда мансап баспалдағымен көтерілуге мүмкіндік береді.

«Стандарттау және сертификаттау» бағдарламасы бойынша оқыту кезінде Нархозда алдыңғы қатарлы әдістер, сапаны инновациялық тұрғыдан басқару саласындағы жоғары ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық өнімдердің кең спектрі қолданылады. Кәсіби білім мен дағдылардан бөлек студенттер шешім қабылдау, басқару және командалық жұмыс, көшбасшылық, кәсіпкерлік, коммуникациялық машықтар мен тұсаукесер өткізу секілді құзіреттіліктерді игере отырып, тұлға ретінде дамиды, сонымен бірге бейін бойынша ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылады.

Сұрақтарыңыз барма? Бізге қоңырау шалыңыз, дәл қазір
+7 (727) 377 13 07 / +7 (727) 377 13 08
+7 (727) 377 20 10 / +7 (727) 377 20 16

Менің бесінші пәнім – биология
Бакалавриат деңгейі
Экология
Бағдарлама табиғат пайдалануды басқаруда, өндірісте, экономиканың мұнай-газ және минералдық шикізат секторында жетекші позиция иеленгісі келетін тұлғаларға арналған.

Қазақстан – табиғи ресурстарға бай өлке, мұнда өнеркәсіп пен инфрақұрылым белсенді түрде дамып, жаңа өндірістер дүниеге келіп, көлік құралдарының көлемі артып келе жатыр. Осы қызмет түрлері табиғатқа зиян келтірмеуі үшін елімізге экологтың барлық құзыретін иеленген мамандар өте қажет. Нақ соларға экология мен «жасыл» экономика сферасында жобаларды құру және оларды жетілдіру жүктелері сөзсіз. Бұл тақырып осы сала бойынша ең үздік жобалар көрсетілетін EXPO-2017 мамандандырылған көрмесінде «Болашақ энергиясы» ұранымен қарастырылатын болады.

«Экология» бағдарламасының оқу жоспарына «жасыл» экономика және климаттың өзгеруі, экологиялық мониторинг, табиғатты пайдалану экономикасы, экологиялық заңнама және есептілік, экологиялық жобалау, нормалау және сараптау, экологиялық менеджмент және аудит, су қорларын бірлесе басқару, қалдықтарды басқару сияқты пәндер қосылған.


Сұрақтарыңыз барма? Бізге қоңырау шалыңыз, дәл қазір
+7 (727) 377 13 07 / +7 (727) 377 13 08
+7 (727) 377 20 10 / +7 (727) 377 20 16

ОҚУҒА ТҮСУ
ГРАНТТАР МЕН ЖЕҢІЛДІКТЕР
Ең басты сұраққа жауап берсек-гранттар бар!
Гранқа түсу әбден шынайы.
Стандартты білім алу грантынан басқа Нархоз Университетінде әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған категорияларға арналған адамдарға жеңілдіктер жүйесі ұсынылады, арнайы Алтын белгі иегерлері мен ҰБТ/КТ қорытындысы бойынша сол сияқты гранттар мен жеңілдіктер ұсынылады.
Мемлекттік білім грантын алуға арналған өтінішті сіз НАРХОЗ Университетінде шілде айының 23 мен 31 аралығында толтыра аласыз.

Мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз !
Нархоз гранттар туралы сұрақтарыңыз қалды ма?
Сұрақ:
Бакалавриатта грант алу қажет қандай құжаттар керек?
Жауап:
Осы сайтта оқуға түсу үшін құжаттар тізімі орналастырылған - сол құжаттар грантқа тиісті. Бұдан басқа, сізге мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау туралы өтініш толтыру керек. Сіз 2016 жылдың 23 мен 31 шілде аралығында Нархоз Университетінің қабылдау кеңсесінде істеуге болады.
Сұрақ:
Грантқа құжаттар тапсыру мерзімі қандай? Нәтижелері қашан белгілі?
Жауап:
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсы 23 және 31 шілде аралығында өтеді
Сұрақ:
Гранттар қандай мамандықтарға беріледі?
Жауап:
Түгелге жуық. Мамандықтардың дәл тізімі Білім және ғылым министірлігі сайтынды және Егемен Қазақстан, Казахстанская правда газеттерінде жарияланады
Сұрақ:
Гранттар алу шарттары қандай?
Жауап:
Сіз ҰБТ (50 және одан жоғары ) бойынша өту балын жинасаңыз, онда заңды түрде мемлекеттік білім беру грантына үміткер бола аласыз. Біз өтінішіңізді қабылдай аламыз. Гранты бойынша кеңес алу үшін, сіз мына телефон арқылы бізбен хабарласа аласыз: +7 (727) 377 12 39
Сұрақ:
Қосымша ақпаратты қайдан алуға болады?
Жауап:
Сіз осы сайтта онлайн чатқа бізге жаза аласыз. Біз кез келген сұрақтарға жауап береміз.
Барлық қосымша ақпарат үшін осы телефон нөмірлеріне қоңырау шалыңыз:

+7 (727) 377 12 39
+7 (727) 377 20 10
+7 (727) 377 13 08

Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар
1. Орта білім туралы аттестат( мектептен кейін) / орта арнаулы диплом (колледжден соң) қосымшаларымен (көшірме және тұпнұсқа)
2. ҰБТ/КТ тапсыру қорытындылары бойынша сертификат
3. 3х4 фотосурет – 6 дана
4. Денсаулық паспорты немесе 063 формадағы медициналық анықтама
5. 086-У формадағы медициналық анықтама
6. Флюрография суреті (тұпнұсқа)
7. Жеке куәліктің көшірмесі (3 дана)
8. Тіркелу куәлігі немесе әскери билет (жасөспірімдер)


Осы тізімді жүктеу және басып шығару
БАЙЛАНЫС
Бізбен байланысыңыз!
Бізге жақын бол:
г. Алматы
050035, ул. Жандосова, 55

г. Кызылорда
120000, ул.Журба 12, Здание Фонда «ДАМУ» 3 этаж, 304, 305 офис

г. Шымкент
160012 ул. Желтоксан, 7, БЦ "Даркол" 3 этаж, 309 офис

г. Атырау
060005 Азаттык 48, БЦ «Премьер-Атырау»,203

г. Павлодар
140000 ул. 1 Мая, 189, офис 101, 105

г. Семей
071400 , ул.Интернациональная, 23 «А», Бизнес-центр "Өрлеу", офис 506
Толығырақ:
г. Алматы
+7 (727) 377 13 07 | +7 (727) 377 13 08
+7 (727) 377 20 10 | +7 (727) 377 20 16

г. Кызылорда
+7 (701) 208 83 55 | +7 (7242) 26 40 29

г. Шымкент
+7 (701) 781 93 88 | +7 (7252) 53 69 76

г. Атырау
+7 (701) 375 54 72 | +7 (7122) 32 00 29

г. Павлодар
+7 (701) 723 57 77 | +7 (7182) 65 33 90

г. Семей
+7 (777) 356 06 35 | +7 (7222) 52 01 27
Web:
г. Алматы
info@narxoz.kz

РЦДО в г. Атырау atyrau@narxoz.kz

РЦДО в г. Кызылорда kyzylorda@narxoz.kz

РЦДО в г. Павлодар pavlodar@narxoz.kz

РЦДО в г. Семей semey@narxoz.kz

РЦДО в г.Шымкент shymkent@narxoz.kz

Портал университета:
www.narxoz.kz